Ұлғайған аденоидтар

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Қашан дәрігерге көріну қажет

 

Жалпы ақпарат

Аденоидтар – мұрын мен көмейдің артқы қабырғасының арасындағы тыныс алу жолдарында орналасқан лимфалық тіндердің жинақталуы. Олар бадамшабезге ұқсас.

Ұлғайған аденоидтар – осы лимфалық тіннің ісінуі.

 

Көмейдің (тамақтыңқұрылысына өңешкеңірдеккөмекей қақпашығы және бадамшабез кіреді.

 

Себептері

 

Ұлғайған аденоидтар қалыпты саналуы мүмкін. Олар нәресте анасының құрсағында жатқанда ұлғаюы мүмкін. Аденоидтар организмге инфекциямен күресуге көмектеседі, бактерия мен микробтарды жояды.

Инфекциялар кезінде аденоидтар ісінеді. Ауырмасаңыз да аденоидтар ұлғаюы мүмкін.

 

Симптомдары

Ұлғайған аденоидтары бар балалар мұрыны бітелгендіктен көбінесе, ауыз арқылы тыныс алады.

Ауызбен тыныс алу көбінесе, күндіз емес, түнде орын алады.

Ауызбен тыныс алу келесі симптомдарға апаруы мүмкін:

  • Ауыздан шығатын жағымсыз иіс

  • Еріннің жарылуы

  • Ауыздың құрғақтығы

  • Мұрынның ұдайы ағуы немесе бітелуі

 

Ұлғайған аденоидтар ұйқыда мәселелер әкелуі мүмкін. Бала ұйқтаған кезде:

  • Мазасыздануы мүмкін

  • Көп қорылдауы мүмкін

  • Кейде тыныс алмауы мүмкін (ұйқыдағы апноэ)

 

Сондай-ақ, ұлғайған аденоидтары бар балаларда құлақ инфекциясы жиі болады.

 

Диагностика

Аденоидтарды ауыз арқылы қарап, көру қиын. Дәрігер оларды арнайы айнаның көмегімен немесе мұрынға эндоскоп аталатын иілетін түтікті енгізу арқылы көруге болады.

Қажетті тексеру түрлері:

  • Мойынның немесе көмейдің рентгені

  • Ұйқыны зерттеу.

 

Емдеу

Көптеген адамдарда аденоидтардың ұлғаюы симптомсыз немесе аз симптоммен өтеді. Әдетте, емдеудің қажеті болмайды. Бала өсе келе аденоидтар кішірейеді.

Инфекция болса, дәрігер антибиотикті немесе назальдық стероидты спрейді тағайындайды.

Күрделі симптомдары болса немесе жиі пайда болса, аденоидтарды алып тастау үшін хирургиялық операция жасалады (аденоидэктомия).

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Балаңызда мұрын арқылы тыныс алуында мәселелер пайда болса, немесе ұлғайған аденоидтар кезіндегі симптомдар байқалса, дәрігерге көріну қажет. 

Сайтқа кіру