Ұйқыдағы апноэ

Ұйқыдағы апноэ дегеніміз не?

Ұйқыдағы апноэ – ұйқының күрделі бұзылысы. Бұл дертке шалдыққан науқастарда ұйқы кезінде 10-30 секундқа тыныс алу тоқтап қалуы мүмкін. Түн ішінде 400 рет тыныс алудың осындай қысқа тоқтауы болуы мүмкін.  Егер Сізде ұйқыдағы апноэ болса, тыныс алудың тоқтау кезеңдері ұйқыңызды бұзуы мүмкін (олардың салдарынан оянбайтын болсаңыз да).

Ұйқыдағы апноэ  жиі  кездеседі ме?

Зерттеулерге сай адамдардың 3 пайызында ұйқыдағы апноэ кездеседі. Ерлердің, артық салмағы бар және 40 жастан асқан адамдардың аурудың пайда болуына бейімділігі бар. Дегенмен, ұйқыдағы апноэ әркімде және кез келген жаста пайда болуы мүмкін.

Бұл мәселе өмір салтын өзгертеді ме?

Шынында, ұйқыдағы апноэ Сіз ойлағанға қарағанда көбірек әсер еткен болуы мүмкін. Ауруды анықтап, емдеу басталғаннан кейін жағдайдың жақсарғандығын байқайсыз. Емдеу және оның нәтижесі қандай болғандығына қарамастан, Өзіңізді жалғыз сезінбеңіз және көмек қол жетімді екендігін біліңіз.

Ұйқыдағы апноэ болуын қалай білуге болады?

 

Ұйқыдағы апноэ Сіз ұйқтап жатқанда пайда болатындықтан, жұбайыңыз немесе төсектегі көршіңіз оны бірінші болып байқайды. Өзіңіз немесе жұбайыңыз күшті қорылдауды немесе тыныс алу кезіндегі ұзақ үзілістерді байқауы мүмкін. Түнде оянғаныңыз есіңізде болмаса да, Сіз күндізгі ұйқы басуын (мысалы, Сіз көлік жүргізгенде немесе сөйлеу кезінде ұйқтап кетесіз), ашушаңдықты немесе шаршауды байқауыңыз мүмкін. Таңертеңгі бас ауыруы, көңіл-күйдің өзгерісі және жыныстық өмірге қызығушылықтың төмендеуі байқалуы мүмкін.

Аурудың себептері қандай?

Ұйқыдағы апноэнің 2 түрі болады: обструктивтік және орталық апноэ. Обструктивтік апноэ синдромы кең таралған түрі, осы дертке шалдыққан 10 адамның  9-да кездеседі. Обструктивтік апноэ кезінде организмге  ауа баратын тыныс алу жолдары бітеледі (кеңірдектің бітелуі). Бітелу салдарынан деміңізді алуға тырысқанда ауа жеткілікті мөлшерде бармайды. Тыныс алу жолдары тілмен, бадамшабезбен немесе тілмен (жұмсақ таңдайдың шағын өсіндісі) жабылуы мүмкін. Сондай-ақ, олар көмейдің қабырғасының майлық тінімен немесе көмейдің босаңсыған бұлшық етімен жабылуы мүмкін.

Ұйқыдағы апноэнің орталық түрі сиректеу кездеседі. Апноэнің бұл түрі орталық жүйке жүйесінің жұмысымен байланысты. Дерттің бұл түрінде тыныс алу кезіндегі бұлшық еті әрекет ету үшін мидан сигнал алмайды. Ми сигналды жібермейді немесе сигнал үзіледі.

Ұйқыдағы апноэ қалай анықталады?

Дәрігер ұйқыдағы апноэні анықтай алады. Ол Сізден күні бойы шаршауды немесе ұйқы басуын сезінетіндігіңізді, қалай ұйқтауға үйренгендігіңізді, ұйқыңыздың сапасы туралы сұрайды. Ұйқыға байланысты ауруларға маманданған орталыққа барып тексеруден өтуіңізді ұсынуы мүмкін. Ұйқы бұзылыстарының орталығында өткізілетін тексерулар Сіздегі апноэнің түрін анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ, үй жағдайында зерттеу жүргізу үшін Сізге құрал-жабдықты өзіңізбен бірге алып кету ұсынылады.

Жағдайын жақсарту үшін адам өзі не істей алады?

Келесі ұсыныстар ұйқыдағы апноэге шалдыққан адамдарға көмектесе алады:

·         Алкогольді немесе ұйқы шақыратын препараттарды қабылдауды тоқтатыңыз. Олар көмейдің артқы қабырғасын босаңсытады, бұл тыныс алудың қиындауына ықпал етеді.

·         Темекі шегуді қойыңыз.

·         Артық салмағыңыз болса, емдәм (диета) ұстаныңыз.

·         Арқаңызда емес, бір бүйіріңізде ұйқтаңыз.

Ауру қалай емделеді?

Ұйқының обструктивтік апноэ синдромының жеңіл жағдайларын емдеу үшін кейбір стоматологиялық жабдықтар қолданылады. Бұл жабдықтар иекті алға шығарып, тыныс алуды жеңілдетуге ықпал етеді.

Апноэні емдеудің кең таралған әдісі – «тыныс алу жолдарындағы тұрақты оң қысым» - CPAP-терапия. Бұл үшін ұйқы кезінде мұрынға және ауызға арнайы маска киесіз. Маска тыныс алу жолдарын ашық ұстайды, осылайша Сіз тыныс алатын ауаның қысымы күшейеді. Бұл ұйқыдағы апноэге шалдыққан адамдардың көпшілігіне көмектеседі.

Өте сирек жағдайда бадамшабезді немесе көмейдің қосымша тінін алып тастау бойынша операциялар жасау қажет болады.

Ұйқыдағы апноэ қауіпті ме?

Емделмеген жағдайда ұйқыдағы апноэ күрделі мәселелерге апрауы мүмкін. Егер Сіз ауыр апноэні емдемейтін болсаңыз, артериалдық қысымның жоғарылауы, жүрек жеткіліксіздігінің және инсульттің пайда болу қаупі артады.  Автокөлікті жүргізуде ұйқтап кетсеңіз, жол-көлік оқиғаларына ұшырау қаупі пайда болады. Ұйқының апноэсі кезінде емделу аса маңызды. 

Сайтқа кіру