Суық тию

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Суық тию мұрынның ағуымен, бітуімен, түшкірудің пайда болуымен сипатталады. Сондай-ақ, тамақтың ауырсынуы, жөтел, бас ауруы немесе басқа симптомдар болуы мүмкін.

 

Себептері

Жыл сайын әлемде суық тиюдің бірнеше миллиардтаған жағдайы тіркеледі. Адамдар басқа ауруларға қарағанда суық тиюге жиі шалдығады.

Суық тиюдің салдарынан балалар – мектепке, ата-аналары жұмысына бара алмайды. Ата-аналар, көбінесе, суық тию ауруын балаларынан жұқтырады.    

Жыл барысында балалар суық тиюмен бірнеше рет ауырады. Олар әдетте, басқа балалардан жұқтырады. Суық тию мектеп пен бала бақшада тез таралады.

Суық тию жылдың кез келген уақытында пайда болуы мүмкін, бірақ, қысқы немесе жаңбырлы кезде орын алу кең таралған.

 

Суық тию вирусы жұқпаланған адамның түшкіруінде, жөтелуінде қоршаған ортаға шағын тамшы түрінде бөлініп, таралады.

Суық тиюді келесі жағдайларда жұқтыру мүмкін:

  • Суық тиген адам қасыңызда түшкіреді немесе жөтеледі

  • Вируспен жұқпаланған затқа жанасқаннан кейін, мысалы ойыншықты, есіктің тұтқасын ұстап, одан кейін мұрын, көз немесе ауызға қолыңызды тигізетін болсаңыз.

 

Адамдар алғашқы 2-3 күнде жұқпалы болады. Суық тию, әдетте, аурудың бірінші аптасынан кейін жұқпалы емес.

 

Симптомдары

Суық тию симптомдары вируспен жанасқаннан кейін 2-3 күнде дамиды, бірақ, кейде бұл кезең бір аптаға созылуы мүмкін.

Суық тиюдің жиі симптомдары:

  • Мұрынның ағуы немесе бітелуі

  • көмейдің жыбырлауы

  • түшкіру

суық тиген ересектерде де, балаларда да қызба бола бермейді. Сәбилерде денесінің температурасы 37 - 39 °С-та болады.

Суық тиюдегі вирустың түріне қарай келесі симптомдар пайда болуы мүмкін:

  • жөтел

  • тәбеттің болмауы

  • бастың ауыруы

  • бұлшық еттің ауырсынуы

  • мұрынның артындағы қуысқа сілемейдің ағуы

  • көмейдің ауырсынуы

 

Емдеу

Көпшілік жағдайда суық тию бірнеше күнде өтеді. Суық тигенде берілетін бірнеше кеңестер:

  • көбірек демалыңыз және сұйықтықты көп ішіңіз.

  • Суық тиюден және жөтелден дәрілік препараттар ересектерде және үлкен жастағы балаларда суық тию симптомдарын жеңілдетуге көмектеседі. Олар жазылуды тездетпесе де, симптомдарды жеңілдетеді.

  • Суық тиюден және жөтелден дәрілік препараттар 4 жастан кіші балаларға ұсынылмайды.

  • Суық тиюді емдеу үшін антибиотик қолданылмайды.

  • Суық тиюді емдеу үшін емдеудің баламалы әдістері қолданылады, мысалы, С дәрумені, мырыш пен эхинацея қоспалары.

  • Кез келген шөпті немесе биологиялық белсенді қоспаны қабылдау алдында дәрігермен кеңесіңіз.

 

Болжамы

Бірнеше күн ішінде мұрыннан бөлінетін сілемей сары немесе жасыл түске ие болады. Бұл қалыпты құбылыс, антибиотиктер қабылдауға негіз емес.

Суық тиюдің көптеген симптомдары әдетте, бір апатада өтеді. Егер үй жағдайында 7 күнде әлі де науқастану қалса, мұрын қуысының инфекциясын, аллергияны және басқа ауруларды ескеру үшін дәрігерге көрініңіз.

 

Мүмкін асқынулары

Суық тию – бронх демікпесі бар балаларда ысқыратын тыныс алудың пайда болуының кең таралған себебі.

Суық тию келесілерге апаруы мүмкін:

  •  Бронхитке

  • Құлақ инфекциясына

  • Пневмонияға

  • Синуситке

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдымен суық тиюдің симптомдарымен өзіңіз күресіп көріңіз. Дәрігерге келесі жағдайларда көрініңіз:

  • Тыныс алуда мәселелер пайда болса

  •  Аурудың симптомдары ушығады немесе 7-10 күнде өтпейді.

 

Алдын алу

Аурудың қаупін азайту үшін келесі ұсыныстарды орындаңыз:

  • Әрдайым қолыңызды жуып жүріңіз. Балалар мен ересектер мұрнын сүрткеннен, төсемшелерін алмастырғаннан, жуынатын бөлмеден кейін, тамақ ішердің немесе дайындардың алдында қолын жуып отыруы тиіс.

  • Жиі жанасатын заттарды (раковина, есік тұтқасы) зарарсыздандыратын құралдармен өңдеңіз.

  • Балаларды шағын дамыту топтарына беріңіз.

  • Қолға арналған зарарсыздандыратын құралдарды қолданыңыз, микробтардың таралуының алдын алу үшін.

  • Мата сүлгінің орнына қағаз сүлгісін пайдаланыңыз.

Иммундық жүйе организмге инфекциямен күресуге көмектеседі. Иммундық жүйені нығайту үшін бірнеше тәсіл:

  • Пассивті темекі шегуден алшақ болыңыздар. Ол денсаулыққа қатысты көптеген мәселелердің пайда болуына ықпла етеді, оның ішінде, суық тиюдің.

  • Мүмкіндігінше, сәбиді емізіңіз. Ана сүті сәбиді тыныс алу жолдарының инфекциясынан қорғайды, тіпті, емізуді тоқтатқаннан кейінгі жылдар бойы.

  • Сұйықтықты көп ішіңіз, иммундық жүйенің жұмысына көмектесу үшін.

  • Тамаққа «белсенді өсінділері» бар йогуртты тұтыныңыз. Пробиотиктер балалардағы суық тиюдің пайда болуының алдын алады.

  • Ұйқыны қандырыңыз.  

 

Синонимдары

Тыныс  алу жолдарының вирустық инфекциясы; суық тию. 

Сайтқа кіру