Латекс – табиғи каучук, басты түрде каучук ағашынан алынатын өнім (гевея - Hevea brasiliensis). Кейбір адамдарда латекспен қайта жанасуда аллергиялық серпін пайда болады, әсіресе, латекс қолғаптарын кигенде. Латекске аллергия өзекті медициналық мәселе болуда.
Симптомдары қандай?
Латекске серпін әр түрлі болады – азғантайдан бастап өмірге қауіптіге дейін, немесе шағын серпін күрделіге ауысуы мүмкін. Кейбір мысалдары:
Латекске аллергия кімде пайда болады?
Латекске аллергия әдетте, жұмыс бабында резеңке бұйымдармен жанасатын адамдарда, мысалы, медицина қызмектерлерінде және резеңке өнеркәсібінің жұмыскерлерінде, сондай-ақ, латекстен құрал-жабдық немесе аспаптар қолданылатын бірнеше операциялардан немесе медициналық шаралардан өткен адамдарда пайда болуы мүмкін.
Латекске аллергияның даму қаупін не арттырады?
Тағам өнімдеріне аллергиясы бар адамдар, мысалы, бананға, талшынға, кивиге, авокадо мен қызанаққа аллергиясы бар адамдар латекске аллергия қаупіне көбірек бейім. Себебі, бұл өнімдердегі ақуыз каучуктегі протеинге ұқсас. Латекске аллергия қатты қышитын және қызарған, тері үстінде томпайған бөртпелермен көрінетін тері ауруы атопиялық дерматитке шалдыққан адамдарда жиі кездеседі.
Латекспен қайда жанасу мүмкін?
Құрамында латекс бар медициналық бұйымдар:
Жеке немесе үй заттары, құрамында латекс болатын:
Латекске аллергияны қалай анықтауға болады?
Латекске аллергия диагнозы аурудың сырқатнамасын мұқият зерттеуге, науқасты объективті және зерханалық тексеруге сүйеніп қойылады. Талдаулардың ішінде латекске антиденелерді анықтауға қан талдауы, қолғап киюге тест, латекспен жанасуға өзгерген серпінді анықтауға тері сынамалары кіреді. Қолғап киюге тест және тері сынамаларын әрдайым дәрігер-мамандар өткізеді, олардың сәйкес тәжірибесі мен қажет болса, күрделі аллергиялық серпінге қарсы құрал-жабдығы болуы тиіс,
Қалай емдеу қажет?
Кейбір дәрілер аллергияның симптомдарын азайтады, бірақ, ең тиімдісі, қиын болса да, латекспен мүлде жанаспау. Күрделі серпіндер ауруханада жан сақтау бөлімінде емдеуді талап етеді.
егер Сізде Латекске аллергия болса, әрдайым өзіңізбен бірге аллергияға қары дәрі қобдишасын алып жүру қажет, оның ішінде адреналин бар шприц болуы қажет.
Латекске аллергия нақты анықталса, латексі бар бұйымдардан қалайша алшақ болу қажет?
Жыныстық мүше мәселелері (ер)