Мазмұны
Жалпы ақпарат
Себептері
Симптомдары
Диагностика
Емдеу
Болжамы
Мүмкін асқынулары
Қашан дәрігерге көріну қажет
Синонимдары
Гидроцеле – бұл ұманың қуысында сұйықтық жиналуы.
Гидроцеле жаңа туған сәбилерде жиі кездеседі.
Ерлердің репродуктивтік жүйесіне жыныстық мүше, ұма, ұрықтық түтіктер және қуық асты безі жатады.
Сәбидің ананың құрсағында дамуы кезінде аталық бездер ұрықтың іш қуысынан түтік арқылы ұмаға түседі. Осы түтік жабылмаса, гидроцеле пайда болады. Ол арқылы сұйықтық іш қуысынан ұмаға ағады. Бұл оның ісінуіне апарады.
Көбінесе, гидроцеле туғаннан кейін бірнеше айдан кейін өтеді. Кейде ауру шаптың жарығымен қоса пайда болуы мүмкін.
Сондай-ақ, гидроцеле келесілермен байланысты болуы мүмкін:
Аталық бездің маңында қалыпты сұйықтықтың жиналуымен. Бұл организмде сұйықтықтың іркілуінде пайда болуы мүмкін. Гидроцеленің мұндай түрі егде жастағы ерлерде жиі кездеседі.
Аталық бездің немесе оның қосалқыларының қабынуымен немесе жарақатымен.
Негізгі симптомы – аталық бездердің ауырсынбай ісінуі, олар сулы шар секілді көрінеді. Гидроцеле біржақты немесе екіжақты да болады.
Дәрігер медициналық тексеру жүргізгенде, ісінген, бірақ, басқанда ауырмайтын ұманы байқайды. Көпшілік жағдайда сұйықтық жиналуына байланысты дәрігердің аталық безді басып байқауына мүмкіндік болмайды. Ұманың сұйықтыққа толы өлшемі ішті немесе ұманы басқанда үлкейіп, азаюы мүмкін. Егер осы кезде ұманың өлшемі өзгеретін болса, бұл шаптың жарығы болуы мүмкін.
Гидроцелені ісінге аумаққа фонарьдың жарығын түсіріп жеңіл анықтауға болады. Егер ұма мөлдір сұйықтыққа толы болса, ол жарықты өткізеді. Аурудың диагнозын нақтылау үшін УДТ (УЗИ) жасау қажет болуы мүмкін.
Көпшілік жағдайда гидроцеле –қауіпсіз. Ол тек инфекция қосарланса немесе жайсыздық пайда болса ғана емделеді. Шаптың жарығы кезіндегі гидроцелені тезірек оперативтік жолмен емдеу қажет. Егер ауру бірнеше айдан кейін өтпесе, хирургиялық емдеу қажет болуы мүмкін. Мәселені жою үшін гидроцелеэктомия (ұманың қабықшасын алып тастау) атты операция жасалады. Дренаж жасау тиімсіз, себебі, сұйықтық қайтадан жиналады.
Гидроцеле балаларда хирургиялық араласуды қажет етпейді. Ересектерде гидроцеле өздігінше өтпейді. Қажет болса, жақсы болжамды және қарапайым операция жасалады.
Оперативтік араласу кезінде келесі асқынулар пайда болуы мүмкін:
Тромбылардың (қан ұйындыларының) пайда болуы
Инфекциялар
Ұманың жарақаты
Гидроцеле симптомы болса, дәрігерге көріну қажет. Бұл аталық бездердің ісінуін туындататын басқа ауруларды ескеру үшін қажет.
Ұмадағы немесе аталық бездегі ауырсыну шұғыл медициналық көмекті қажет етеді. Егер Сізде ауырсыну болса және ұманың өлшемі ұлғайса, аталық безді жоғалтуды болдырмас үшін, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгініңіз.
Аталық бездің шемені.