Мазмұны
Жалпы ақпарат
Себептері
Симптомдары
Диагностика
Емдеу
Болжамы
Мүмкін асқынулары
Дәрігерге қашан көріну қажет
Алдын алу
Дегидратация (сусыздану) – организмде судың және сұйықтықтың жеткілікті мөлшері болмайтын жағдай.
Дегидратация жеңіл, орташа немесе ауыр болады, ол организмнің жоғалтқан немесе толықтырылмаған сұйықтығының көлеміне байланысты. Ауыр дегидратация өмір үшін аса қауіпті жағдай.
Дегидратация сұйықтықтың үлкен көлемін жоғалтуға, организмге судың жеткілікті көлемінің түспеуіне немесе осы екі себептің салдарынан да пайда болады.
Организм келесі жағдайларда сұйықтықтың үлкен көлемін жоғалтуы мүмкін:
Науқас келесілердің салдарынан сұйықтық ішпеуі мүмкін:
Науқас балалардағы сусыздану көбінесе, тағамды немесе сұйықтықты қабылдаудан бас тартумен бірге құсуда, іш өтуінде немесе қызбада сұйықтық жоғалтумен қосарланудың нәтижесінде болады.
Сәбилер мен балалар ересектерге қарағанда сусыздануға көбірек бейім, себебі, олардың салмағы аз, олардың организмі сұйықтық пен электролиттерді тезірек жоғалтады. Егде адамдар және түрлі аурулары бар адамдар да жоғары қауіптілік санатында.
Сондай-ақ, науқаста құсу. Іштің өтуі, немесе ештеңе істегісі келмейтін ежарлық болуы мүмкін. Осының бәрі сусыздануға байланысты болуы мүмкін.
Терінің серпімділігінің (тургор) азаюы терінің (ересек адамның алақанының сыртында немесе баланың ішінде) бірнеше секундқа қыртысқа жиналып, көтерілгеннен кейін жібергенде қайтадан орнына келмеуінен байқалады. Терінің тургорының азаюы -сусызданудың кеш (кейінгі) белгісі.
Науқасты тексергенде келесілер анықталуы мүмкін:
Тексеруге кіреді:
Сусызданудың себебін анықтау үшін басқа да тексерулер өткізіледі (мысалы, қант диабетіне тексеру үшін қандағы қант деңгейін анықтау).
Сұйықтықты тұтыну әдетте, орташа сусыздануды емдеу үшін жеткілікті. Сұйықтықты бір реттік, мол көлемде ішуге қарағанда азғантай мөлшерде, жиі ішкен жөн (сәби немесе бала үшін шәй қасықты немесе шприцті қолданып). Бір реттік көп ішу құсуды туындатуы мүмкін.
Электролиттердің немесе салқын көпіршікті сусындардың ерітінділері де тиімді. Олар дәріханаларда болады. Спорттық сусындарда қант көп, олар іштің өтуін ушықтыруы мүмкін. Сәбилер мен балаларда алғашқы алмастыратын сұйықтық ретінде суды қолданбаған жөн.
Орташа және ауыр сусыздануда сұйықтықты көктамыр ішілік енгізу және ауруханада емдеу қажет болуы мүмкін. Мұнда дәрігер сусызданудың себебін анықтап, емдейді.
Көпшілік жағдайда ішектің вирустық аурулары (вирустық гастроэнтерит) әдетте, бірнеше күннен кейін өздігінше өтеді.
Қараңыз: Диарея.
Ерте анықталып, емделсе, әдетте, нәтижесі оң болады.
Емделмеген жағдайда ауыр дегидратация келесілерге апаруы мүмкін:
Егер балаңызда келесі симптомдар болса, шұғыл медициналық жәрдемге (мысалы, «103») хабарласыңыз:
Егер балаңызда келесі симпомдар болса, дереу дәрігеріңізге хабарласыңыз:
Егер сәбиге жеткілікті сұйықтық беретініңізге сенімсіз болсаңыз, дәрігерге хабарласыңыз.
Сондай-ақ, келесі жағдайларда дәрігерге хабарласуыңызға болады:
Сау болған кезде де, күнделікті сұйықтықты көп ішіңіз. Ыстықта немесе дене жаттығуларын орындайтын болсаңыз, сұйықтықты көп ішіңіз.
Науқастарды, әсіресе, балалар мен егде жастағы адамдарды мұқият қадағалаңыздар.
Егер сусыздану симптомдарын байқасаңыз, дәрігерге ерте хабарлаңыз. Құсу және іштің өтуі пайда болса, сусыздану белгілерін КҮТПЕҢІЗ, дереу сұйықтықты толықтыруды бастаңыз.
Ауыратын адамның сұйықтық ішуін қолдаңыз. Қызбада, құсуда немесе іштің өтуінде сұйықтыққа қажеттіліктің жоғары болатындығын есте ұстаңыз. Мониторинг жасаудың жеңіл белгісі – диурез – бөлінетін несептің жиілігі мен көлемін бақылау (дәріханаға жиі бару немесе жиі ылғал төсемшелер болмауы тиіс).