Безеулер – тері ауруы, бұл кезде тері түгі фолликулдарының шығару түтіктері тіршілігі жойылған жасушалармен және тері майымен бітеліп қалады. Бітелген фолликулдарда бактериялар көбейеді, терінің тітіркенісі пайда болады.
Безеу терінің кез келген жерінде пайда болады, көбінесе, бетте, мойында, кеудеде, арқада кездеседі. Көпшілік жағдайда безеулер ерте жасөспірімдік шақта пайда болады, бұл кезде май бездері тері майын көп өндіреді, бірақ, безеулер ересек шақта да пайда болуы мүмкін.
Безеу тері түгі фолликулдарының шығару түтіктері тіршілігі жойылған жасушалармен және тері майымен бітеліп қалғанда пайда болады. Безеудің бірнеше түрі бар:
· ақ безеулер тері түгі фолликулдарының шығару түтіктері тіршілігі жойылған жасушалармен және тері майымен бітеліп қалғанда пайда болады.
· егер фолликулдың бітелуі терінің бетіне қарай орын алса және ауамен жанасатын болса, ол біртіндеп қараяды. Бұлар қара безеулер аталады. Бұл оларға кірдің түсуіне байланысты емес.
· егер бітелген фолликулдың қабырғасы зақымданса, бұл аумақ ісінеді және қызыл түйінге айналады. Егер бұл зақымдану терінің бетінде пайда болса, түйін безеуге айналады.
· Егер фолликулдың қабырғасы терінің тереңдеу қабатында зақымданса, түйіндер немесе кисталар пайда болады. Бұл кисталы безеу аталады.
Безеулер ұлдарда да, қыздарда да пайда болады. Бірақ, әдетте, ұлдарда айқын көрінеді, себебі, олардың май бездері майды көбірек өндіреді. Көптеген адамдарда безеу симптомдары 25 жасқа қарай жойылады, бірақ, ересек шақта да кездесуі мүмкін.
Сондай-ақ, тұқым қуалау да маңызды роль атқарады. Егер анаңызда немесе әкеңізде безеулер болған болса, Сізде де осы ауру пайда болуы мүмкін.
Иммундық жүйенің жағдайы үлкен роль атқарады. Кейбір адамдар тері түгінің фолликулдарына түсетін бактерияларға ұшырауға бейім келеді.
· Гормондық бұзылыстар, әсіресе, жыныстық жетілу кезінде, әйелдерде етеккір алдында немесе жүктілік кезінде
· кейбір дәрілерді қабылдау
· кейбір гигиеналық косметикалық құралдар, әсіресе, май негізінде, күнге күюден немесе шашқа күтімге арналған құралдар
· күйзеліс
· терінің ақауларын сығу
· теріні қатаң тазалау
· кір
· Шоколад немесе майлы тағам
· жыныстық белсенділік немесе мастурбация
Безеуді емдеу үшін дәрігердің репептісіз және рецептімен босатылатын көптеген дәрілер қолданылады.
Бензоил асқын тотығы және салицил қышқылы – дәрігердің репептісіз босатылатын, безеуді емдейтін кең таралған және аса тиімді дәрілер. Бұл дәрілер бактерияларды жояды, майлы теріні құрғатады, қабыршақтануды кетіреді. Олар гель, лосьон, сабын түрінде шығарылады. Безеуді тазарту үрдісі 8 аптаға жуық болуы мүмкін, содан кейін ғана тері жағдайының жақсаруын байқауға болады. Егер дәрігердің репептісіз босатылатын дәрілерде 2 ай бойы қолданғаннан кейін жақсаруды байқамасаңыз, дәрігердің кеңесіне жүгініңіз.
Бұл препараттарды қолдану кейбір адамдарда тітіркеніс, күйдіру сезімі немесе терінің қызаруы секілді жанама әсерді туындатуы мүмкін. Оларды күрделі санасаңыз немесе ұзақ уақыт бойы кетпесе, дәрігерге осы жанама әсерлер туралы айту қажет.
Аталған препараттардан басқа дәрігер келесі дәрі-дәрмек құралдарын тағайындауы мүмкін:
Безеуді емдеу үшін жеке әдістер немесе дәрілерге қосымша ретінде косметикалық шаралар ұсынылуы мүмкін, мысалы, тері пилингі немесе абразиясы (қырнау) (дермабразия немесе микродермалдық абразия), лазер немесе сәулемен емдеу. Бұл шаралар безеу бөртпесінен тыртықты азайтуға ықпал етеді. Жеке кисталық безеулер отбасылық дәрігердің немесе дерматологтың тағайындайтын стероидты препараттың шағын дозасын егу арқылы емдеуге көнеді.
Безеуді емдеу және алдын алу үшін өмір салтына өзгеріс енгізу қажет, салауатты емдәмді ұстанып, ұдайы жаттығу жасау қажет.
Безеуден кейін, әсіресе, кисталық түрінен кейін кейбір адамдарда тыртық қалады. Безеуді баспайтын болса немесе сықпаса, тыртықтар азырақ немесе мүлде пайда пайда болмайды. Сонымен қатар, теріні қатаң тазалуға болмайды. Тыртықтар пайда болса да, қазіргі кезде оларды жоюдың немесе азайтудың көптеген әдістері бар.
Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры: http://familydoctor.org/familydoctor/en/diseases-conditions/acne.printerview.all.html
Аудармашы: Асель Стамбекова, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі
Редакциялық алқа:
Алмаз Шарман, медицина профессоры