Мазмұны
Жалпы ақпарат
ТІС себептері
ТІС симптомдары
ТІС диагностикасы
Емдеу
Тітіркенген ішек синдромы (ТІС) – ішектің жиі кездесетін бұзылысы, ішектің түйілуімен, көп желденумен, іштің кебуімен, іш өтуімен және қатуымен сипатталады. Ауруды кейде "асқазан неврозы" немесе "спастикалық колит" деп атайды. Кейбір өнімдер, көңіл-күй күйзелісі, инфекциялар, жарақаттар ТІС симптомдарының пайда болуын туындатуы мүмкін.
ТІС балаларға жайсыздық әкелгенімен, ол денсаулықтың күрделі мәселелеріне апармайды. Дәрігерлер балаларға дәрілердің, емдәм мен өмір салтын өзгерту көмегімен ТІС симптомдарын реттеуге көмектеседі, сондықтан, ТІС шалдыққан балалар белсенді және сау өмір салтын ұстана алады.
ТІС нақты пайда болу себебі белгісіз, ауру бір отбасының мүшелерінде қайталануы мүмкін. Зерттеулерге сай, ТІС шалдыққан балалар бұл ауруға шалдықпаған балаларға қарағанда ауырсынуға, жайсыздыққа сезімтал және толықтыққа бейім. Сүт, шоколад, кофеин, майлы және ащы тамақ, фаст-фуд секілді кейбір өнімдер ТІС пайда болуының себебін құрауы мүмкін. Кейбір жағдайдағы себебі белгісіз.
Күйзеліс - аурудың сау балалардың арасында дамуында айтарлықтай роль атқарады. ТІС шалдыққан кейбір балалар күйзеліске және көңіл-күй бұзылысына өте сезімтал. Оның себебі – тоқ ішектің нервтері мимен байланысқан, және күйзелістік және шиеленістік жағдайларда (отбасының мәселелері, сынақтар, демалыс және жарақаттар) тоқ ішек пен асқазанның қызметінің бұзылыстары пайда болуы мүмкін.
ТІС шалдыққан балаларда әдетте, кемінде, 3 ай барысында (алдыңғы жылмен салыстырғанда) төмендегі симптомдардың екеуі болады:
ТІС анықтаудың нақты әдісі жоқ. Дәрігерлер әдетте, баланың толық сырқатнамасының (оның ішінде, ТІС бойынша отбасылық сырқатнама зерттеледі) және медициналық тексерудің негізінде диагноз қояды. Бала іштің желденуі немесе өтуі туралы сұрақтарға жауап беруге ұялуы мүмкін. Сондықтан, ата-аналары балаға дәрігер оған өзін жақсы сезінуге көмектесуі үшін ақпаратты білуі қажеттігін түсіндіруі қажет.
Дәрігер баланың үйдегң және мектептегі қоршаған ортасы туралы сұрауы мүмкін, кейбір өнімдердің ТІС симптомдарын туындатуы мүмкіндігін анықтау үшін тағамдық күнделік жазуды тапсыруы мүмкін.
Көбінесе, дәрігерге ТІС анықтау үшін арнайы тексерулерді жүргізудің қажеті болмайды, бірақ, кейде ішектің басқа ауруларын ескеру үшін қан мен нәжістің талдауын, рентгендік зерттеуді тағайындайды.
ТІС аяғына дейін жазылмайды. Бірақ, аурудың симптомдарын жеңілдету бойынша шаралар бар:
ТІС өмірге қауіп төндірмесе де, өмірдің сапасына әсер етуі мүмкін. Балаға белсенді және сау өмір салтын ұстануына көмектесу үшін дәрігермен ТІС симптомдарын емдеу туралы кеңесіңіз.