Балалардағы ішек инфекциялары

Мазмұны

Ішек инфекциялары туралы жалпы ақпарат.

Жиі кездесетін ішек инфекциялары.

Аурудың симптомдары қандай?

Симптомдар қай кезде пайда болады?

Қандай уақыт аралығында ішек инфекциялары жұқпалы болады?

Алдын алу шаралары бар ма?

Дәрігерге көріну қажет пе?

Бұл инфекциялар қалай емделеді?

Өзін сезінуді жақсарту үшін қандай шаралар қабылдауға болады?

 

Ішек инфекциялары туралы жалпы ақпарат

Диарея (жиі және сұйық нәжіс) – ішек инфекцияларының жиі себебі, бірақ, басқа аурулардың немесе емдәмдегі өзгерістің симптомы да болуы мүмкін. Ішек инфекцияларының қоздырғыштары -  вирустар немесе бактериялар.

Диареяны туындататын қоздырғыштың түрі адамның мекендейтін географиялық аумағына, экономикалық даму деңгейіне, санитарлық-гигиеналық және жеке гигиена нормаларын қадағалауына байланысты. Мысалы, диареяның өршуі санитарлық жағдайы нашар елдерде немесе қоқыстарды тыңайтқыш ретінде қолдануда жиі пайда болады, мұндай жағдайда ауыз суының және көкөніс дақылдарының микробтармен және паразиттермен ластануы орын алады.

 

АҚШ секілді дамыған елдерде диарея жағдайлары көбінесе, тағамдық уланумен байланысты. Тағамдық улану бактериялардың уыттары дұрыс сақталмаған немесе тиісті түрде дайындалмаған тағам өнімдерінен адам организміне түсуінде пайда болады.

Диареяны туындататын вирустар – гастроэнтерит вирустары – өте жұқпалы және тұрмыстық жабдықтар арқылы жеңіл таралады (мысалы, жатақханада). Бір жақсысы, көбінесе диарея бірнеше күн ішінде өздігінше аяқталады. Сау жасөспірімдер мен ересектер үшін  вирустық гастроэнтерит жиі, бірақ, күрделі емесе жайсыздық. Бірақ, ол кішкентай балалар және созылмалы ауруы бар адамдарда организмнің сусыздануына жиі апарып, шұғыл медициналық көмекті қажет етеді.

Ішек инфекциялары және диарея бактериялар мен паразиттердің көптеген түрлерінің салдарынан туындайды. Бұл инфекциялардың көпшілігі жеңіл және бірнеше күн ішінде өтеді, бірақ, күрделі түрлері де кездеседі.

Жиі кездесетін ішек инфекциялары

Төменде ішек инфекцияларының кейбір түрлері келтірілген, мүмкін естіген боларсыздар:

·         АҚШ –та сальмонелла бактериялары жылына дияреяның 1-5 миллион жағдайының себебін құрайды. Негізінен, бұл бактериялар тағамдық улануды туындатады.  Олар тауықтың шикі еті мен жұмыртқасында жиі кездеседі.

·         Шигелла бактериясы аса жұқпалы және адамнан адамға оңай жұғады. Олар ішектің қабырғасын зақымдап, қанталайтын ойық жараның пайда болуына ықпал етеді. Шигелла инфекциялары жыл сайын әлемде диареяның  160 миллион жағдайына себепші болады.

·         Ішек таяқшасының бактериялары адамның және жануарлардың нәжісінде болады. Бактериялардың  кейбір штаммдары уыт бөледі, ол кішкентай балалар мен егде жастағы адамдардың өміріне қауіпті болуы мүмкін. Басқалары саяхатшының диареясын туындатуы мүмкін – бұл жеңілірек инфекция. Ішек таяқшасы адамның адаммен тікелей қатынасында немесе зарарланған су немесе тағам арқылы таралады, мысалы, гамбургердегі нашар піскен сиыр еті немесе жуылмаған жемістер арқылы.

·         Лямблиялар – ластанған су, және адамның адаммен тығыз қатынасында жеңіл таралатын  паразиттер. Олар АҚШ-тағы ішек инфекцияларының тағы бір жиі себебі. Бұл паразит может аквапарктер мен бассейндерде жиі кездеседі, себебі, ол хлордың әсеріне тұрақты. Залалды су көздерінде шомылу немесе ішу созылмалы диареяның дамуына апарады. Балалар бала бақшада лямблияны жиі жұқтырады және үйінде отбасының мүшелеріне паразиттерді жұқтыруы мүмкін.

·         Тағы бір паразит - криптоспоридия, балабақшадағы және басқа қоғамдық орындардағы диарея эпидемиясының жиі себепшісі. Криптоспоридия көбінесе, сулы іш өтуын туындатады, ол 2 аптадан артық уақытқа созылуы мүмкін.

Аурудың симптомдары қандай?

Әдетте, ішек инфекциялары іштің түйіліп ауыруымен және іш өтуімен қосарланады. Сондай-ақ келесі симптомдар болуы мүмкін:

·         қызба

·         тәбетті жоғалту

·         жүрек айнуы

 

·         құсу

·         салмақ жоғалту

·         сусыздану

·         нәжістегі сілемей немесе қан

Бұл  симптомдар, әдетте, бірнеше күнге созылады. Егер симптомдардың ұзақтығы 2 аптадан артық созылса, созылмалы диарея орын алған. Осындайда  немесе нәжісте қан болса, дәрігерге көріну қажет.

Симптомдар қай кезде пайда болады?

Ішек инфекцияларының инкубациялық кезеңі аурудың нақты қоздырғышының түріне байланысты әр түрлі болады. Мысалы, шигелладан туындаған инфекциялардың инкубациялық кезеңі әдетте,  2 - 4 күнге созылады, бірақ, вирустық инфекцияларда инкубацилық кезең  4-48 сағатқа созылады.

Паразитарлық  инфекциялардың инкубациялық кезеңі ұзағырақ. Мысалы, лямблиялар салдарынан туындаған инфекцияларда аурудың симптомдары дамуына дейін 1-4 апта өтуі мүмкін. Қоздырғыштың түріне байланысты және адамның жалпы жағдайына сай ішек инфекциясы бірнеше күн немесе аптаға созылуы мүмкін.

Қандай уақыт аралығында ішек инфекциялары жұқпалы болады?

Ішек  инфекциялары аса жұқпалы. Олар адамнан адамға кір қол, залалды тамақ және су, үй жануарлары арқылы жұғуы мүмкін. Көпшілік жағдайларда инфекциялар диарея өткенге дейін жұқпалы болады, бірақ, кейбір жағдайларда одан ұзақ болуы мүмкін.

Алдын алу шаралары бар ма?

Ішек инфекцияларының аса тиімді алдын алу жолы – қолды жиі жуу. Микробтар организмге тағамды  кір қолмен жеуде немесе тырнақты тістегенде түсуі мүмкін.

Дәретханадан кейін және тамақ ішер алдында қолды сабындап жуып-шаю қажет. Жуынатын бөлменің тазалығын қолдау да инфекцияның алдын алуға көмектеседі.

Диареяны туындататын микробтар тағам өнімдерімен және сумен таралуы мүмкін. Өзіңізді қорғау үшін тамақты мұқият дайындап, шикі көкөністер мен жемістерді жуыңыз. Гамбургерге толық піскен етті қолданыңыз, тамақтың қалғанын тоңазытқышта сақтаңыз, себебі, бірнеше сағат тоңазытқыштан тыс тұрған тамақта дәмді түскі аста ауру қоздыратын бактериялар пайда болуы мүмкін.

Ас үйлік жабдықтарыңыз және кесу тақтайлары таза болуын қадағалаңыз, әсіресе, шикі еттен, жұмыртқа мен құс етін өңдегеннен кейін. Бірнеше сағат бойы тоңазытқыштан тыс болған тамақты ішуден алшақ болыңыз, қыздырғанда да оларда уыттар қалуы мүмкін.

Саяхат кезінде бұлақтан, көлден су ішпеңіз, бұл үшін жергілікті денсаулық сақтау органдарының бұл судың ауыз суға жарамдылығын растауы болуы қажет. Кейбір дамушы елдерде суды краннан емес, бөтелкеден ішуге кеңес беріледі, бұл жерлерде көшеден су сатып алып ішуде де сақ болған жөн.

Үй жануарлары, әсіресе, рептилиялар микробтарды таратуы мүмкін. Үй жануарының ыдысын өзіңіздің ыдысыңызды жуатын раковинада жумаңыз. Үй жануарын сипағаннан кейін қолыңызды жуыңыз!

Дәрігерге көріну қажет пе?

Кейде, барлық тырысуға қарамастан, ішек инфекциясы орын алады. Баланың іші өтсе, қызба болса немесе іші ауырғанын ересектерге айтуға үйрету қажет. Ересектер баланы дәрігерге көрсетуі тиіс.

Егер өзіңізді енжар сезінсеңіз, терінің құрғақтығы немесе ауыздың құрғақтығы орын алса, немесе нәжісте қан немесе сілемей болса, шұғыл түрде дәрігерге көріну қажет. Сондай-ақ, сұйықтық іше алмайтындай,  басылмайтын құсу болса, немесе аурудың симптомдары 3 күннен артық созылса, дәрігерге көріну қажет.

Бұл инфекциялар қалай емделеді?

Диареяны туындататын көптеген инфекциялар, әсіресе, вирустықтар, әдетте, емдеусіз өтеді. Сусызданудың алдын алу үшін сұйықтықтың мол көлемін ішу – аурудың бетін байқау үшін дұрыс тәсіл. Организмнің сусыздануында ауруханаға жатып, диарея, құсу және қызба кезінде жоғалтқан сұйықтықты толықтыру үшін көктамыр арқылы сұйықтық енгізілуі қажет болады.

Дәрігерге көрінгенде ішек инфекциясының түрін анықтау үшін нәжістің талдауын тапсыру қажет болуы мүмкін. Дәрілік препараттарды тағайындаудың қажеттігі аурудың қоздырғышына байланысты. Егер паразитарлық инфекция болса, дәрігер антипаразитарлық препараттарды тағайындайды.

Вирустардан және бактериялардың көптеген түрлерінен болған ішек инфекциялары кезінде емдеу қажет болмайды, бірақ, иммундық жүйесі әлсіреген адамдар инфекция бүкіл организмге тарамас үшін антибиотиктерді тағайындауға мұқтаж болады.

Өзін сезінуді жақсарту үшін қандай шаралар қабылдауға болады?

Организмнің сусыздануының алдын алсаңыз, өзіңізді жақсы сезінесіз. Диарея кезінде сұйықтықты жоғалтумен қатар электролиттер (натрий және калий) де жоғалтылады. Организм оларсыз қалыпты қызмет ете алмайды, сондықтан, олардың орнын толықтыру қажет. Құрамында натрий бар сорпа немесе көже, калий бар 100% жеміс шырынын (қантсыз) ішіңіз.

Тамақ іше алатындай болғанда, құрамында калий бар жұмсақ жеміс немесе көкөністі тұтыныңыз. Майлы тағамды, сүт өнімдерін, талшығы мол өнімді немесе тәтті тағамды диарея басылғанға дейін  қабылдаудан алшақ болыңыз. Спорттық немесе алкогольсіз сусындарды ішпеңіз, оларда электролиттер болғанымен, қанты көп болғандықтан, диареяны ушықтырады.

Диарея, әдетте, тез басылады. Сұйықтықты жеткілікті ішіңіз, және дәрігердің ұсыныстарын орындаңыз, осылайша, қысқа мерзімде өзіңізді жақсы сезінесіз.

 

Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры:http://kidshealth.org/teen/infections/intestinal/diarrhea.html

Сайтқа кіру