Мазмұны
Іш қатуының себептері қандай?
Іш қатуының симптомдары
Бұл дамудың сатысы болуы мүмкін бе?
Баланы қалай ішегін ұдайы босатуға үйретуге болады?
Дәретханаға бару күнделігі
Егер балаңыз талшығы аз тағамды тұтынатын болса, сұйықтықты аз ішсе, немесе аз қимылдайтын болса, іш қатуы пайда болады. Көптеген адамдарда іш қатуының себебі белгісіз болып қалуда. Нәжістің шығуы ауырсынатын болса, бала бұл үрдісті әдейі тежейді. Нәжіс шығуын тежеу іш қатуына апаруы мүмкін. Балаңыз дәретханада қараңғы болса, жалғыз қорқуы мүмкін. Кейбір балалар ойынды үзгісі келмегендіктен дәретханаға бармайды.
Тағамды қабылдауды нашарлатуға, дене белсенділігін азайтуға немесе қызбаның пайда болуына апаратын ауру іш қатуына апаруы мүмкін. Бұл мәселе сауыққаннан кейін де сақталуы мүмкін.
Нәжіс шығуы кезінде қатты күшену
Іштің ауырсынуы және желденуі
Қыңырлану
Шаршау
Тәбетін жоғалту
Дәретханаға барғысы келмеу
Балаңыз дамудың белгілі бір сатысында болуы мүмкін. Дәретхананы қолдану дағдысын әлі үйренбеген болуы мүмкін. Бірақ, егер өздігінше дәретханаға баратын болғаннан кейін 3 ай өткенде балаңыздың несеп шығаруында еріксіз нәжіс шығаруы байқалатын болса, оны нәжіс шығару үшін дәретхананы қолдануға үйрету қажет. Дәрігер бұл үшін кеңес бере алады.
Дәретханаға барудың күнделігін жүргізіңіз
Балаңыздың нәжіс шығаратын уақытын, орны мен түрін көрсететін күнделік жүргізіңіз. Бұл емдеуші дәрігерге баланың дәретханаға бару заңдылығын көруге көмектеседі. 2 –ші тармаққа көшудің алдында кемінде, 1 апта бойы күнделік жүргізіңіз. Егер балаңыз бала бақшаға баратын болса, тәрбиешіні баланың дағдыларын бақылауын сұраңыз. Бұл зерттеудің соңында осы күнделікті принтерден шығарып, әрі қарай қолдануға болады.
Баланы унитазға отыруды үйретіңіз
Баламен дәретхана ішінде ойнап, жаман жер еместігін көрсетіңіз. Балаға унитазда шалбарымен немесе колготкиімен күніне бірнеше минут отырғызып үйретіңіз. Баланың аяғының астына кішкене орындық қою пайдалы болуы мүмкін. Балаға өзімен бірге сүйікті кітаптарын, қуыршағын, шағын ойыншықтарын алуға рұқсат беріңіз.
Бала дәретханада болғанда онымен сөйлесіп, ойнаңыз. Бірақ, бала бірден дәретхананы қолданады деп күтпеңіз. Ол унитазға отырып үйренетіндігін есте сақтаңыз. Біртіндеп, унитазда отыруын 30 секундтан 5 минутқа дейін ұзартыңыз. Ас үйдегі таймер «дәретханаға үйренуге» сигнал болуы мүмкін. 3-ші қадамға өту бала унитазда күніне 3-5 реттен, 5 минут ішінде отырғанда мүмкін болады.
Баланың нәжісі жұмсақ және қалыптасқан болуына көз жеткізіңіз
Бұл әдетте, егер балаға сүт өнімін азырақ берсеңіз және рационда талшығы мол өнімдерінің мөлшерін арттырғанда болады. Егер дәрігер қолдаса, қысқа уақыттың ішінде балаға талшықты қоспа түрінде беруге болады. Дәрігермен емдәм құрамындағы қажетті өзгерістер туралы кеңесіңіз.
Алдымен, балада нәжістің еріксіз шығуы байқалады. Бұл үшін оған ұрсып, жазаламаңыз. Баланың еріксіз нәжіс шығаруы үшін ызалану тек дәретханаға үйренуіне кедергі келтіреді. Егер балада нәжістің еріксіз шығуы байқалса, байсалды қалыпта қалыңыз, сонда бала өзін нашар сезінбейді.
Дәретханаға бару уақытын белгілеңіз
Бала ішек жұмысын қалпына келтіргеннен кейін және унитазға үйренгеннен соң күнделікті белгілі бір уақытта дәретханаға баруын қадағалаңыз. Бала тамақ ішкеннен кейін 10-20 минуттей уақыт өткенде, нәжістенетін дағдылы уақытта бала дәретханаға баруы қажет. Бұл уақытты дәретханаға бару күнделігіне жазып қойыңыз. Бала кемінде, күнде 3-5 рет, 5 минуттан унитазда отыруы қажет.
Дәретханада ішекті босатқаны үшін баланы ынталандыру
Алғашқыда бала дәретханада ішегін босатқаны үшін сыймен ынталандырыңыз. Басында, әр ішекті босатуы үшін, кейіннен, бірнеше ретте бір сыйлаңыз. Осылайша, бала тез үйренеді. Сол кезде сыйлауды тоқтатасыз.
Осыдан кейін баланы дәретханаға бару уақыты келгендігін анықтауға үйретіңіз. Балаға бұл туралы сіздің сұрауыңызды күтпей, өзінің айтуын үйретіңіз. Дәретханаға бару алдында кішкентай балалар ата-анасына көмек қажеттігі туралы айтуы қажет.
Іш қатуымен бірге еріксіз нәжістену қалай емделеді?
Егер балада 3 немесе 4 күн ішінде нәжістену болмаса, дәрігерге баруыңыз қажет. Дәрігер ішектің төменгі бөлігінде жинақталған нәжісті шығаруға көмектесуі мүмкін. Бұл ауруханада балаға клизма немесе суппозиторий қойылуымен орындалады. Немесе дәрігер балаға іш жүргізетін препараттардың жоғары мөлшерлемесін тағайындайды.
Ішек босағаннан кейін бала дәретханаға жеңіл бара алатындығына көз жеткізу маңызды. Ішекті жеңіл босату іш қатуының қайта пайда болуының алдын алуға көмектеседі. Емдеу баланың емдәмін өзгертуінен, сұйықты арттырудан, талшығы мол тамақты тұтынудан, дәретханаға күніне бірнеше рет барудан, нәжісті жұмсарту үшін іш жүргізетін препараттарды қолданудан тұрады.
күні |
уақыты |
уақыты |
уақыты |
уақыты |
уақыты |
Дүйс/22 |
9:00 |
12:00 |
14:00 ТН, ТНШ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Нұсқау: балада нәжістену немесе несеп шығару болатын уақыт:
Бірінші бағанға аптаның күні мен айдың күнін енгізіңіз.
Уақытын белгілеңіз "Уақыт".
Осылайша, күнде жалғастырыңыз.
Шартты белгілеу:
ДН = дәретханадағы нәжістену.
КН = киіміне нәжістену
ТН = төсекте нәжістену
УО = унитазда отыруды үйрену
ДНШ = дәретханадағы несеп шығару
КНШ = киіміне несеп шығару
ТНШ = төсекте несеп шығару.