Мазмұны
Жалпы ақпарат
Себептері
Симптомдары
Диагностика
Емдеу
Болжамы
Қашан дәрігерге көріну қажет
Синонимдары
Пилоростеноз – бұл асқазанның қақпасының тарылуы, оның салдарынан асқазаннан ішекке тамақтың өтуіне кедергі келеді.
Қалыпты жағдайда тамақ асқазаннан аш (жіңішке) ішектің бастапқы бөлігіне асқазанның қақпасы арқылы өтеді. Қақпаның стенозында оның бұлшық еттерінің қалыңдауы болады. Асқазаннан аш ішекке тамақтың өтуі үшін кедергі пайда болады.
Қақпаның бұлшық еттерінің қалыңдауының себебі белгісіз. Белгілі бір рольді гендер атқаратындығы белгілі, ата-анасында пилоростеноз бар адамдарда жиі пайда болады.
Пилоростеноз 6 айлық жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Ұлдар қыздарға қарағанда жиірек ауырады.
Көпшілік балалардағы алғашқы симптом – құсу:
Құсу әр тамақтанудан немесе кейбір тамақтанудан кейін ғана пайда болуы мүмкін
Әдетте, құсу шамамен, 3 апталық жастан басталады, бірақ, 1 апталық және 5 айлық жас аралығында кез келген уақытта басталуы да мүмкін.
Тез құсу
Құсудан кейін бала ашығады
Басқа симптомдары туғаннан кейін бірнеше аптадан кейін пайда болады және оған кіретіндер:
Іштегі ауырсыну
Кекіру
Ұдайы ашығу сезімі
Сусыздану (құсу күшейген сайын нашарлайды)
Салмақ қоспайды немесе жоғалтады
Тамақтандыру алдындағы және құсу пайда болуының алдындағы іштің толқын тәрізді қимылы.
Ауру, әдетте, 6 айлық жасқа дейін анықталады.
Медициналық қарап, тексеру алдында келесі белгілер анықталуы мүмкін:
Сусыздану белгілері, мысалы, тері мен еріннің құрғақтығы, көз жасының азаюы, құрғақ жаялықтар
Іштің кебуі
Іштің жоғарғы бөлігіндегі – қақпа тұсындағы домалақ түзіліс
Алдымен, іш қуысының УДТ (УЗИ) жасау қажет. Басқа тексеру әдістері:
Барий қоспасымен рентгенография – үлкейген асқазанды және стенозды қақпаны анықтайды.
Қан талдауы – электролиттік үйлесімсіздік жиі анықталады.
Пилоростенозды емдеуде қақпаға хирургиялық араласу қарастырылады. Операция пилоротомия аталады.
Жас сәбиге жалпы наркоз беру қауіпті болса, ұшында шағын баллон бар эндоскоп аталатын құрылғы қолданылады. Баллон қақпаны кеңейту үшін үрленеді.
Операция жасалмайтын сәбилерге зондпен тамақтану немесе қақпаны босаңсыту үшін дәрілік препараттар тағайындалады.
Хирургиялық емдеу әдетте, барлық симптомдарды жояды. Операциядан кейінгі бірнеше сағаттан кейін аздап тамақтандыра бастауға болады.
Балада бұл аурудың симптомдары болса, дәрігерге көріну қажет.
Қақпаның (пилорустың) туа біткен гипертрофиялық стенозы; Қақпаның (пилорустың) балалық гипертрофиялық стенозы; Асқазанның обструкциясы.