Бактериалдық конъюнктивит

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Болжамы

Синонимдері

 

Жалпы ақпарат

Конъюнктивит – бұл қабақтың ішінің сілемей қабатының (конъюнктиваның) қабынуы (ісінуі) немесе инфекциясы.

 

Себептері

Конъюнктива бактериялардың және басқа тітіркендіргіштердің әрекетіне ұшырайды. Көз жасы бактерияларды шайып, конъюнктиваны қорғауға көмектеседі. Сондай-ақ, көз жасында ақуыздар және бактерияларды жоятын антиденелер болады.

Конъюнктивиттің пайда болуының көптеген себептері бар. Вирустар аса кең таралған себебін құрайды. Вирустық  конъюнктивитті «қызғылт көз» деп те атайды. «Қызғылт көз» балалардың арасында жеңіл тарауы мүмкін.

Басқа себептері:

  •  Аллергия (аллергиялық конъюнктивит)
  • Бактериялар
  • Кейбір басқа аурулар
  • Химиялық әсер ету
  • Хламидиялар
  • Зеңдер
  • Паразиттер (сирек)
  • Контактілік линзаларды қолдану (әсіресе, ұзақ уақыт бойы қолдануға арналған линзалар)

 

Жаңа туған сәбилер босану жолдарында бактериялармен жұқпалануы мүмкін. Бұл жағдай жаңа туған сәбилердің офтальмиясы аталады, көруді сақтау үшін бұл дереу емделуі тиіс.

Симптомдары

Диагностика

  • Көзді зерттеу
  • Талдау үшін конъюнктивадан қырынды алу

Емдеу

Конъюнктивитті емдеу себебіне байланысты.

Аллергиялық конъюнктивит аллергияны емдеу кезінде жазылып кетуі мүмкін.  Аллергияны туындатқан себебімен қатынас жойылса, өз бетінше жазылып кетуі мүмкін. Суық компресс қою аллергиялық конъюнктивитті басуға көмектесуі мүмкін.

Антибиотикпен емдеу, көбінесе, көз тамшылары, бактериалдық конъюнктивитте тиімді.

Вирустық конъюнктивит өз бетінше өтеді.

Көптеген дәрігерлер «қызғылт көз» кезінде  бактериалдық конъюнктивиттің алдын алу үшін жеңіл  антибактериалдық көз тамшыларын тағайындайды.

Сіз вирустық немесе бактериалдық конъюнктивит кезінде жылы компресс қолдану арқылы жайсыздықты баса аласыз (көзге жабық күйінде жылы суға малынған матаны басу қажет).

Болжамы

Емдеу салдары, әдетте, сәтті болжамды.

Мүмкін асқынулары

Сақтық шараларын қадағалмайтын болсаңыз, ауруды үйде немесе мектепте қайтадан жұқтыруыңыз мүмкін.

Қашан дәрігерге көріну қажет

Симптомдары 3 немесе 4 күннен артық созылса, емдеуші дәрігеріңізге көрініңіз.

Болжамы

Мұқият гигиена конъюнктивиттің таралуының алдын алуға көмектеседі:

  • Жастықтың тысын жиі ауыстырыңыз
  • Көзге арналған косметикаңызды басқаларға бермеңіз.
  • Сүлгілеріңізді немесе қол орамалын басқаларға бермеңіз.
  • Контактілік линзаларды дұрыс қолданыңыз және тазалаңыз.
  • Көзіңізді қолыңызбен ұстамаңыз.
  • Косметиканы жиі алмастырыңыз.
  • Қолыңызды жиі жуыңыз.

Синонимдер

Конъюнктиваның қабынуы; Қызғылт көз.

 

Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры:http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/001010.htm

Сайтқа кіру