Антидепрессанттар


Жалпы ақпарат

Антидепрессанттар – депрессияны емдеуге арналған препараттар. Сізге оларды емдеуші дәрігеріңіз тағайындайды. Бұл препараттардың әрекет ету механизмі - мида өндірілетін белгілі бір химиялық заттектердің балансын қалпына келтіру. Олар бірнеше аптадан кейін тиімді әрекет ете бастайды. Антидепрессанттардың бірнеше түрі бар. Сізге жарамды түрін тапқанға дейін емдеуші-дәрігеріңіз олардың бірнеше нұсқасын тағайындауы мүмкін.

Жанама әсерлері

Антидепрессанттарды қабылдауда аздаған жанама әсерлері пайа болуы мүмкін, олар, әдетте, тез өтеді. Оларға жататындар: бас ауыруы, жүрек айнуы, ұйқы мәселелері, мазасыздану және жыныстық тұрғыдан мәселелер. Қандай да бір жанама әсерлер пайда болса, дәрігерге хабарлаңыз. Сондай-ақ, қабылдап жүрген басқа дәрілер, дәрумендер немесе қоспалар туралы емдеуші-дәрігеріңізге айтуыңыз қажет.

Препараттарды қабылдауды тоқтату

Өзін сезіну жақсарғаннан кейін де антидепрессанттарды қабылдау маңызды. Дәрігермен кеңеспей тұрып препараттарды қабылдауды тоқтатпаңыз. Антидепрессанттарды  қабылдауды біртіндеп тоқтату қажет.

Эректильная дисфункция (нарушение потенции) (мужчина)

Сайтқа кіру