Аноректальдық абсцесс

Аноректальдық абсцесс – айналшық пен тік ішектің аумағында іріңнің жиналуы.

Себептері

Аноректальдық абсцесстің жиі себептері:

·    Айналшық аумағындағы бездердің түтіктерінің бітелуі

·    айналшық аумағындағы тіндердің инфекциялық қабынуы

·    Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар

·    жарақаттар

·     Крон ауруы немесе дивертикулит секілді аурулардан туындаған терең ректальдық абсцес.

Келесі факторлар аноректальдық абсцестің даму қаупін арттырады:

·         Анальдық жыныстық қатынас

·         Қатерлі ісікті емдеу - Химиотерапия

·         Диабет

·         Ішектің қабыну аурулары ( Крон ауруы , ойық жаралы колит)

·         Кортикостероидтық  препараттарды қабылдау

·         Әлсіреген  иммундық жүйе (мысалы, ВИЧ/СПИД)

Бұл ауру ерлердің арасында жиі кездеседі. Сондай-ақ, айналшық сызаттары пайда болған, жаялық салатын сәбилердің  арасында жиі кездеседі.

 

Симптомдары 

Жиі симптомдары – айналшық аумағындағы ісіну және тіндердің ісінуімен болатын солқылдайтын ауырсыну. Ауырсыну нәжіс шыққанда, жөтелгенде, отырған кезде күшейеді.

Сондай-ақ, келесі симптомдар болуы мүмкін:

·         Констипация (іш қатуы)

·         Тік ішектен ірің шығуы

·         шаршау, қызба, түнгі тершеңдік, қалтырау

·         айналшық аумағындағы қызару, сезімталдықтың артуы және тіндердің тығыздалуы

·         ауырсыну.

Балаларда айналшық аумағында абсцесс ісінген, тығыз түйін түрінде көрінеді. Жайсыздық салдарынан бала мазасызданады. Әдетте, басқа симптомдары болмауы мүмкін.

Диагностика

Аноректальдық  абсцестің болуы ректальдық тексеру барысында анықталуы мүмкін. Басқа ауруларды ескеру үшін ректороманоскопия өткізілуі мүмкін.   

Сирек жағдайда ірің жиналған бөліктерді анықтау үшін КТ, МРТ немесе УДЗ (УЗИ) жүргізіледі.

Емдеу

Бұл мәселе өздігінше шешілмейді. Тек қана антибиотиктер әдетте, абсцесті жоймайды.

Емдеу абсцестің қуысын ашуға және шаюға негізделеді.

·         Операция жергілікті анестезиямен жасалады, ол седативті препараттармен жансыздану сезімін туындатады. Сондай-ақ, жұлын анестезиясы немесе жалпы  наркоз қолданылуы мүмкін.  

·         Бұл  хирургиялық іс-шара - амбулаторлық, осы күні науқас үйіне қайтады. Хирург зақымданған аумақты тіліп, іріңнен тазартады.

·         Ірің терең тінде болса, абсцес толық тазарғанға науқас ауруханада болады.

·         Операциядан кейін отырып, жылы ванна қабылдау қажет. Бұл ауырсынуды азайтып, тіндердің ісінуін басуға, абсцестің жақсы шайылып, тазаруына ықпал етеді.

Тазартылған  абсцесс, әдетте, ашық қалады, шеттері тігілмейді.

Хирург ауырсынуды басатын препараттар мен антибиотиктерді тағайындауы мүмкін.

Ішті жүргізетін препараттар қажет болуы мүмкін. Жеке гигиена ережелерін қадағалау қажет. Абсцесс  жазылғанға дейін жұмсақ немесе сұйық тамақ тұтыну қажет.

Болжамы

Дұрыс емделген жағдайда толық жазылуға болады. Әсіресе, бұл сәбилерге қатысты.

Емделу кеш басталса, асқыну пайда болады.

Мүмкін асқынулары

Аноректальдық  абсцеске жатады:

·         Анальдық фистула (айналшық пен басқа да анатомиялық құрылымдардың арасындағы ақаулы бірігу)

·         Инфекцияның жалпы қан ағымына таралуы (сепсис)

·         Тұрақты ауырсыну

·         Аурудың қайталануы

·         Тыртықтар

Қашан дәрігерге көріну қажет

Келесі жағдайларда дәрігерге көріну қажет:

·         Тік ішектен бөліністер, ауырсыну және аноректальдық  абсцестің басқа симптомдары пайда болса

·         Қызба, қалтырау және осы ауруды емдегеннен кейінгі пайда болған басқа симптомдар

·         Қант  диабетінің болуы , қандағы глюкоза деңгейінің бақылау қиынға түскенде.

Алдын алу

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу және уақытылы емдеу аноректальдық  абсцестің қалыптасуының алдын алуы мүмкін. Жыныстық қатынас кезінде оның ішінде, анальдық түрінде презерватив қолдану– алдын алу шарасы.

Сәбилердің жаялығын жиі ауыстыру, дұрыс гигиена оларда абсцестердің, анальдық сызаттардың пайда болуының алдын алуға көмектеседі.

Синонимдары: 

Анальдық абсцесс; Ректальдық абсцесс; Периректальдық абсцесс; Перианальдық абсцесс; тік ішектің абсцесі.

 

Ақпарат көзі: https://medlineplus.gov/ency/article/001519.htm

Сайтқа кіру