Амебалық дизентерия

Амебалық дизентерия (амебиаз) — қарапайымдыларға жататын паразиттік - гистолитикалық амебадан (Entamoeba histolytica) туындайтын ауру. Паразит  тоқ ішекті зақымдайды. Көп жерде кездеседі, әсіресе, ыстық ауа райы болатын елдерде жиі кездеседі.

Амеба екі түрде тіршілік етеді:

·         трофозоит — вегетативті (көбейетін) белсенді түрі, ішекте мекендейді, адам организмінен тыс тіршілігін жояды.

·         циста — тыныш күйдегі белсенді емес түрі, осы цистаның көмегімен амебиаз таралады.

Егер организмге трофозоиттер түссе, олар ауруды туындатпайды, себебі, асқазанда  жойылады. Цисталар организмге түсіп, асқазаннан ішекке өтеді және трофозоит түріне айналады. Трофозоит ішекте белсенді көбейеді және дизентерияны туындатады, егер Entamoeba histolytica штаммы инвазивті болса. Ішекте жылжып, трофозоиттің тығыз қорғаныс қабығы болады, цистаға айналып, сыртқы ортаға шығады. Трофозоиттердің шығуы іш өтуінде болады, және әдетте, тез жойылады. Осылайша, цисталар - паразиттің жаңа адамды зақымдайтын түрі.

Жұқпалану жұқпалы нәжіспен жанасуда орын алады, бұл нашар санитарлық және гигиеналық жағдайда, жұқпалы адаммен жыныстық қатынаста орын алуы мүмкін. Нәжістермен ластанған қол, су немесе адамның нәжісі тыңайтқыш ретінде қолданылып, өсірілген көкөніс-жемістер арқылы берілуі ықтимал.

Бұл кезде қандай көрініс болады?

Жұқпаланған адамдардың 90% - симптомсыз амеба тасымалдағыштары. Көбінесе, амебиаздың симптомдары анықталмағандықтан, адамдар ұзақ уақыт осы аурумен өмір сүруі мүмкін. Бұл іштегі ауырсыну, диареяіштің кебуі, нәжісте қан, кейде дене температурасының артуы мүмкін. Біртіндеп, адамда қажып, арықтау  (кахексия) және анемия пайда болады.

Амебалық колит (амебалық дизентерия) цистаның ішекке түсуінен кейін 2-6 апта өткенде дамиды. Біртіндеп іште ауырсыну және әлсіз іш өтуі пайда болады, одан кейін, өзін нашар сезіну, арықтау, іштің төменгі жағы тұтастай ауырсынуы немесе бел тұтастай ауыруы мүмкін. Ең қауіптісі, трофозоиттер ішек қабырғасына енуі мүмкін. Бұл жағдайда эпителийдің бұзылуы, ішек қантамырларының зақымдануы және терең ойық жаралар пайда болады. Клиникалық түрде тоқ ішектің өне бойында ауырсыну, сілемей мен қанның көп мөлшері араласқан жиі аздаған нәжіс («қызғылт қоймалжыңға дейін»), температураның артуы, жалпы әлсіздік, тәбетті жоғалту орын алады. 

Үрдіске бүйен тартылса, ауру жіті аппендицитке ұқсайды. Клиникалық көріністері аса дамығанда нәжіс тәулігіне 10-12 ретке дейін жиілейді. Нәжісте нәжіске қарағанда қан, сілемей көп болады. Бактериалдық себепті іш өтуінен айырмашылығы - амебалық колит науқастардың 40%-нан кемінде қызбамен қосарланады.

Кейде ісік тәрізді түзіліс – амебома қалыптасады, бұл ішектің түйнелісіне апаруы мүмкін.

Егер трофозоиттер ішек қабырғасы арқылы өтсе, бұл іш қуысының қабынуына –перитонитке апаруы мүмкін.

Емдеуді  тек талдау нәтижесі бойынша, дәрігер ғана тағайындайды. Жақсы емдеу әсеріне екі препаратты қолданумен жетуге болады: метронидазол – трофозоиттерді жоятын, және дийодгидросихинол – цистаға қарсы бағытталған. Емдеуден кейін 1, 3 және 6 ай өткенде нәжістің қайта талдауын өткізіп, емдеудің тиімділігін тексеру қажет.

 

Диарея (мужчина | женщина)

Сайтқа кіру