Аллергиялық серпін

Аллергиялық серпін дегеніміз не?

Аллергиялық серпін – иммундық жүйенің аллерген аталатын заттекке асқан серпіні. Аллергендер болатындар –химиялық заттектер, тағам өнімдері, дәрі-дәрмек құралдары, көгеру зеңдері, өсімдіктер мен тозаң.

Аллергиялық серпіннің механизмдері қандай? 

Аллергиялық серпіндер жеңіл және ыңғайсыздық туындататын түрінен бастап, өте күрделі және өмірге қауіп төндіретін түріне дейін болады. Иммундық жүйе аллергеннің түсуіне бірнеше механизмдердің көмегімен жауап береді. олардың негізгісі – ақ қан жасушалары лимфоциттердің қатысуымен өтеді. Лимфоциттердің екі түрі бар:  В-лимфоциттер және Т-лимфоциттер. В-лимфоциттер антиденелерді өндіреді, олар бөгде заттектермен және бактериялармен оларды жою және бейтараптандыру мақсатында байланысады. Антиденелер аллергендермен байланысып, аллергиялық серпін туындатады. Осындай жағдайда антиденелер Е иммуноглобулиндерінің санатына жатады.  Т-лимфоциттер антидене өндірмейді, олар бөгде заттектерді тікелей шабуылға алады. Жасушаның  қайсысы аллергиялық серпінге қатысуына байланысты шұғыл серпіндер (В-лимфоциттердің қатысумен және Е иммуноглобулиндердің өндірілуімен) мен бәсең серпіндерге бөлінеді (Т-лимфоциттердің қатысуымен).

Аллергиялық серпіннің симптомдары жеңіл және ыңғайсыздық туындататын түрінен бастап, өте күрделі және өмірге қауіп төндіретін түріне дейін болады. Аллергендер организмнің түрлі тіндеріне түсуі мүмкін: мысалы, ауа өткізетін жолдар, көз, асқазан-ішек жолдары, мұрын, өкпе және тері. Кейбір аллергиялық серпіндер (мысалы, есекжем немесе жәндік шаққан маңайдың қышуы немесе теріге өсімдіктің немесе химиялық заттектің жанасуы) дененің тек бір бөлігін зақымдайды. Басқа аллергиялық серпіндер қышуды, ісіну мен тыныс алуды қиындатып, бүкіл организмді зақымдауы мүмкін. Ауыр аллергиялық серпін (анафилаксия) есеңгіретіп (шок жағдайы), өлім-жітімге дейін апаруы мүмкін.

Аллергиялық серпін адамның аллергенмен алғашқы жанасуында дами бермейді. Әр жанасқан сайын адам аллергенге сезімтал бола түседі.

 Айқын дермографизм

 Қолдағы дермографизм  

 Денедегі есекжем

 Терідегі есекжем

 Есекжем

 Сәбилердегі және балалардың ауыз қуысы мәселелері (ұл | қыз)

Беттің ісінуі, безеулер, аллергиялық серпін (ер | әйел)

Суық тию және тұмау (ер | әйел)

Ауыз  қуысының мәселелері (ер | әйел)

Сайтқа кіру